Көшелерді су басты (ВИДЕО)

Қостанайда қала ішіндегі қар көбесі сөгіліп, кейбір көшелерді су басып, бірқатар үйлер қоршауда қалды. Мәселен, 9-шы шағын аудандағы Быковский көшесіндегі №8-9 көпқабатты үйлердің алаңқайында жүру мүмкін емес. Қала әкімшілігінің әрекетке кешеуілдеп кіріскеніне тұрғындар өкпелі. Жыл сайын қайталанатынын білсе де, еш алдын-ала сақтық шараларын қолданбайды деп шағымданады.
Балалар балабақшаға, мектепке бару үшін подъезд алдына келіп тірелген судан қарғып өтіп, басқа көше бойларын жағалап, төте жолды айналып жүрулеріне тура келеді. Балғындар оқудан сәл кешіксе ата-аналар да тыпыршып отыра алмайтынын айтады.
Оның үстіне, тасыған су көпқабатты үйдің жертөлесіне келіп құйылуда. Онда тұрған заттар мен керек-жарақтарды су шайып кеткен. Үйдің тозып, апатты күйге ұшырамауын тілейді тұрғындар.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓