Төтенше жағдайсыз той
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде көктемгі күн мен түннің теңесу мерекесін кең ауқымда тойланды. Іс-шараға Қостанай облысының ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының ардагерлері шақырылды.



Үздік қызметкерлер Департамент бастығының Құрмет грамоталарымен марапатталды, 1 қызметкерге ортаңғы басшылық құрамының бірінші арнайы атағы берілді.
Салтанатты бөлімнің аяқталысымен, концертті бағдарлама жалғасын тапты. Көрермендердің назарына ән мен би нөмірлері ұсынылды. Сонымен бірге мерекеде ет, ұн, сүт өнімдерінен жасалған ұлттық тағамдар мен шығыс тәттілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Департамент басқармалары мен бөлімдері Қазақстанда мекендейтін қазақ, орыс, армян, неміс және жапон халықтарының ұлттық тағамдарын көрсетті.


Қостанай облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы