Кішкентай күміскөмейлердің назарына!
Наурыздың 25-нен бастап XIV халықаралық «Алтын микрофон» әнші балалар байқауына облыстық іріктеу басталады.
Жылдағы дәстүр бойынша, балғын вокалшылар байқауы әуелі аудандық іріктеуден өтеді де, үздіктері облыстық сында өнер көрсетеді. Биыл ережеге аздаған өзгеріс енгізілмек. Яғни аудандардан қатысатын үміткерлерді кезекті мәрте сынақтан өткізу керек. Бұл біріншіден келу-кету шығынына үнем, екіншіден, облыстық айналымда уақыт ықшамдылығы пен сапа үшін қажет. Осылайша, алдын ала жоспар бойынша, барлық ауданнан қатысатын балалар саны 132-ден аспайтын болады. Бұдан соң қазылар алқасы үш жас деңгейі бойынша тоғыз жеңімпазды анықтайды. Ақтық гала-концерт 28-наурызда болмақшы.
Тиісінше, облыстың «Алтын микрофон» иегері әдеттегідей сәуірде Қостанайда өтетін халықаралық бәсекеде өңір намысын қорғайды.