Балалар үйіндегі тұсаукесер

Қостанай қаласындағы "Дельфин" балалар үйінде де Наурыз мейрамы аталып өтті. Қамкөңілдерге арналып ұйымдастырылған іс-шара аясында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында "тәй-тәйлай" бастаған сәбиге тұсаукесер рәсімі жасалды.
Дәстүр бойынша, балдырғанның аяғы астына төселген ақ жолдың келесі басына ырымдап әртүрлі мамандық құралы қойылды. Үлкен өмірге енді талпынып қадам басқан балғын медициналық құрал – фонендоскопты таңдады. "Балалар үйі – Денсаулық сақтау басқармасына қарайтын мекеме. Сондықтан бұл құралды қоюымыз бекер емес. Болашақта дәрігер болар деп ырым ете берсек болады. Лайым жолы ақ болсын", – десті мекеме қызметкерлері.
Мұның сыртында барлық тәрбиеленушіге тәтті сыйлықтар үлестіріліп, көңілді ән-күйден тарту жасалды. Жыл басын балалар көркемдігі көз тартатын ұлттық кимідер киініп, дәмді дастархан басында қарсы алды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓