Қарасуда – қос қуаныш

Қарасу ауданының атқамінерлері мен қалталы азаматтары Наурыз мейрамы қарсаңында тұрғындарға ерекше сый жасады. Восток ауылы жамағатының игілігіне үрдей жаңа спорттық-мәдени кешен тұрғызып берді. Ұлық мереке қарсаңында нысанның есігі айқара ашылып, ауыл жұрты табалдырығын аттады. Көркі келісті ғимарат сырт көзге ықшам көрінгенімен, ішінен көп дүние табасыз. ТРЕНАЖЕРНЫЙ-ЗАЛ-3"Спорттық-мәдени" аталғандықтан шағын футбол алаңы, жаттығу және би залы, сондай-ақ кітапханасы бар. Бұның жергілікті жастардың жан-жақты дамуына көп көмегін тигізеріне кәміл сеніммен қарайды қуаныш иелері. Бұрын-соңды болмаған мұндай ғимараттың ірге көтеруіне "Қараман" ЖШС-нің директоры Талғат Малаевтің бастамашы болғанын айта кету керек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓