Сәбилер болсын аман-сау

El.kz сайтында жазылған ақпаратқа сүйенсек, халықтың жасы бойынша құрамын анықтайтын биллетер индексі елімізде кейінгі 11 жыл бойы бала туу көрсеткіші оң динамикамен жылжып келе жатқанын көрсетеді.  Мәселен, 2020 жылы 100 адамға шаққандағы бала туу көрсеткіші 13 болса, өткен жылы 14,3-ке жеткен. Ал, облыс бойынша былтыр 10 163 бала туылса, биылғы он бір  айда 9551 бала дүниеге келген.
Облыстық аурухананың жанындағы  перинаталдық орталықта жыл сайын алты мыңға жуық әйел босанады. Өңірдегі әрбір екінші бала осы жерде өмірге келеді. Бұл шамамен 60 пайызға тең. Өткен он айда орталықта 4600 бала дүние есігін ашса, жыл соңына дейін тағы мыңға жуық бала дүниеге келеді деп жоспарланып отыр.
– Түнгі кезекшілік 4:30-дан басталады. Әйел ауыр жағдайда түсетін болса, бәріміз бірге қараймыз. Жауапкершілік маған артылады. Ауыр жағдайдағы адамды жансақтау бөліміне жатқызамыз. Аяғы ауыр әйелдерде қан қысымының көтерілуі, қанның кетуі, аяғында ісік пайда болуы жиі кездеседі. Қазіргі уақытта бүйректері ауыратын әйелдердің саны басым. Сырқаты  асқынып кеткендіктен кіші дәретте тас пайда болып, қан қысымы көтерілуі мүмкін. Осындай үш потология бірден кездесетін болса, прикломсия диагнозы қойылады. Әдетте, баланың жолдасының бөлініп, қан кетуі, нәрестені  туар уақытта жолдасының алдына жатуы көп кездеседі. Кезекшілікте осындай жағдайлар да болып тұрады. Жыл ішінде мерзімінен бұрын босану көрсеткіші  9 пайызға жетті,  – дейді акушер-гинеколог Бейбіт Онжанов.
Дәрігердің айтуынша, облыс орталығынан алыс орналасқан Аманкелді, Жанкелдин аудандарындағы жүкті әйелдер жолдың ұзақтығына байланысты өз аудандарында тууға тырысады.
– Босанатын әйелдердің 40%-ы аудандардан келеді. Біздің перзентхана – облыс тұрғындарына да көмек көрсететін жалғыз перинаталдық орталық. Бізге облыстың 12 ауданы қарайды. Сондай-ақ, медициналық авиация жұмыс істейді. Мерзімінен бұрын босанатын жағдайда медициналық авиацияның көмегіне жүгінеміз. Кейде аудандық ауруханаларға көмек көрсету үшін немесе консультация беру, пациентті тасымалдауға барамыз. Дәрігерлер жаңа туған нәрестелердің, пациенттерінің жағдайын бақылайды. Қажет жағдайда медициналық авиация арқылы жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне немесе реанимация палатасына тасымалдауды қамтамасыз етеді, – дейді білікті маман.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓