Сарыкөлдік палуандар күш сынасты

Наурыз мейрамы күні Сарыкөл ауданында ұлттық ойындар ұлықталды. Соның бастысы – Қазақ күресінен өткен жарыс.
Бұл спорт түрін еркін меңгерген 8 палуан өзара бақ сынасты. Олар жас ерекшелігі мен салмақ дәрежесіне қарамай белдесті. Себебі, "Түйе палуан" бәсекесінің шарты сондай. Бас бәйгеге бір қой тігілді. Осы жүлдені жеңіп алу үшін қатысушылар барын салды. Аққтық сынға мықтылары ғана сүрінбей өтті.Төреші жеңімпаз Д.Баймақановтың қолын көтерудеНәтижесінде, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студенті Дархан Баймақанов бас жүлдені бағындырып, Тәгіл ауылының кәсіпкері Алмат Жантасов сыйлыққа тіккен қойды қанжығасына байлады.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓