Наурыз

 
Гүлге оранып қала бұл,  нурболат
Сәнi кiрдi даланың,
Құтты болсын Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа күн!
 
Қуанышта бала жүр,
Арманы көп ағаның…
Құтты болсын Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа күн!
 
Оңтүстiктен жел ессе,
Қайтқан бүгiн ызғар да.
Досым бүгiн ерекше
Қарай бердi қыздарға.
 
Ағаш бiткен бүр жарып,
Күннiң көзi қызған ба?..
Қарайды, әне, ұрланып
Бiзге ерекше қыздар да!
 
Өмiр қандай сүйiктi ең,
Кеттi жаңбыр себелеп…
Бәрi-бәрiн иiткен,
Наурыз неткен керемет?!
 
Нұрболат Мешітбаев

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓