Астана

IMG_8335Бозбаланың жасындағы Астана,
Бүгінгі күн болды жаңа бас қала.
Абыройлы әлемге де, елге де,
Көтеріп жүр талай-талай бастама.
 
Өр төсіне орналасып Арқаның,
Жарқырасын нұрын шашып әр таңың.
Оңтүстікпен, солтүстікпен, Шығыспен,
Батысыма көп керуен тартамын.
 
Тіл жетпейді мақтау үшін бірлігін,
Берекесін, мерекесін, тірлігін.
Жүректерден жүректерге жететін
Астанаға арналады жыр бүгін.
 
91-де Тәуелсіздік алғанда,
Қазағымның қолы жетті Арманға.
Нұрлы Астана Нұрекеңмен қосылып,
Нұрын шашып тұра берсін бар маңға!
Балғара Жұмағұлтегі.
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓