14 велосипед ұрлаған

Бір ай бойы Қостанай қаласының Полиция басқармасына велосипед ұрланғаны туралы бірнеше арыз келіп түсті. Тұрғын үйлердің кіреберістерінде қараусыз қалған көліктердің барлығы дерлік түнгі уақытта ұрланған.166b1381-d832-44ca-ae41-beef8ba8f348Қаскүнем "Стелс", "БМВ", "Стингер", "Альтаир", "Форвард", "Самсунг" және "Тринкс" маркалы велосипедтерді қолды етіпті.
Тергеу амалдарының нәтижесінде жедел уәкілдер бұрын сотталған 34 жастағы күдіктіні ұстады. Оның барлығы 14 велокөлік ұрлағаны дәлелденді. Ер адам "олжаларын" бірден сатып отырған.Оларды сатып алған адамдарды анықтау да полиция қызметкерлеріне қиынға түскен жоқ. Ұры велосипедтерді 25 пен 50 мың теңге аралығында өткізген.
Қостанай қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Ербол Тайбековтің айтуынша, ұрланған мүлікті ерте ме, кеш пе, табуға болады, тек оған уақыт қажет.
"Велосипед ұрлығын ашуға бізге таңбалау, яғни әрбір велосипедке арнайы аппараттың жеке нөмірлік белгісін қою көмектеседі. Өткен жылы базаға енгізілген 550 велосипедтің бірде-бірі  ұрланған жоқ. Кез келген адам полиция басқармасына жүгіне алады және 10 минут ішінде оның көлігіне жеке нөмір жазылады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек", – дейді Ербол Тайбеков.3a9a72f9-d3e8-4ffe-9e7a-e94a6fb113edҚазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Барлық заттай дәлелдемелер алынды. Олар Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық істерге қоса тігіледі.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары велосипедтердің, самокаттардың, арбалардың ұрлану қаупін азайтуға ықпал ететін мынадай алдын алу шараларын ұмытпауға кеңес береді:
– көлік құралын қараусыз қалдырмауға тырысыңыз;
– тростық құлыптарға сүйенбеңіз, өйткені зиянкестер үшін бұл кедергі емес. Үлкен құлыпқа қалың трос тізбекті пайдалану ұсынылады;
– көлік құралын сыртқы бейнебақылау камералары орналасқан жерде қалдыруға тырысыңыз;
– ұрлардан қорғанудың оңтайлы тәсілі – дабылдағыш орнату.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓