«Нұр Отан» ел үмітін ақтады

20 наурыз күні еліміздің барлық өңірінің азаматтары ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарын сайлау үшін дауыс берді. Кешеден бастап республика аймақтарында алдын ала қорытынды бойынша «Нұр Отан» партиясының жеңіске жетуі тойлануда. Біздің өңірімізде де жетекші ұйымның өкілдері, ардагерлер, белгілі кәсіпкерлер, жастар Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияға жиналып, ел үшін маңызы зор шараны мерекеледі. Сахна төрі елдікті, бірлікті, татулықты жырлаған ән-күйге толды.IMG_0116
 
IMG_0054Жеңімпаздар форумында тікелей эфир арқылы мәлімдеме жасаған ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов алдын ала қорытындыларды жария етті:IMG_0139
– «Нұр Отан» партиясына – 82,15%, Қазақстан Коммунистік халық партиясына – 7,14%, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына – 7,18%, «Бірлік» Саяси партиясына – 0,29%,  Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға – 1,18%, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиоттық партиясына – 2% сайлаушылардың дауысы берілген. Осылайша алдын ала қорытындылар бойынша Мәжіліске үш саяси партия өтті. Олар «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы мен Қазақстан коммунистік халық партиясы. Бұл партиялар 7 пайыздық межеден артық дауыс жинағандар.IMG_0137
Қ.Тұрғанқұловтың атап өтуінше, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде 2016 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей белгілеуі тиіс.IMG_0125
Ал аймақтар арасында Қостанай облысы тұрғындарының белсенділігі өте жоғары болғанын айта кету керек. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов аймақ халқының 80% сайлауға барғанын айтты:IMG_0153-Биылғы жылдың ең басты саяси оқиғасында ел өзінің біртұтастығын көрсете білді. Алдын ала мәлімет бойынша облысымыздағы сайлаушылардың 82% «Нұр Отан» партиясына дауыс берген. Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірімізде «Нұр Отан»партиясының 68 мың мүшесі бар. Еліміздің жетекші саяси ұйымы осымен қатарынан үшінші рет айқын басымдықпен жеңіске жетіп отыр. Халық Елбасымызға, партияға, келешекке сенгендігінен осындай дұрыс, әділ таңдау жасады.IMG_0061
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓