Қызмет  сапасы қандай?

Мемлекеттік қызмет көрсету саясатын жүзеге асыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті  «Қазпошта» АҚ облыстық филиалымен бірлесіп қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға департамент басшысының орынбасарлары Әсет Досекенов, Асхат Ескендіров, Қостанай қаласы әкімдігінің  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және мемлекеттік кәсіпорындар секторының  меңгерушісі Қаламқас Ақатаева, пошта мамандары қатысты.IMG_9396– Поштаға коммуналдық қызмет төлемін төлеу үшін келдім, бірақ талон алып, кезекте тұрсаң да адам саны өте көп. Кезегіңді күтіп кем дегенде  бір сағаттан артық отырасың, кейде одан да көп болып қалады.  Әсіресе, газ бен электр энергиясына төлем  қабылдайтын кассаларға  кезегіңді күтіп көп отырасың, жақсысы сол, отыратын орындықтар бар,- деді қарт  әжей Зоя Аферева.IMG_9385 -Ең алдымен облыс тұрғындарына көрсетілетін  мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру сол секілді мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін көтеру және де көрсетілетін сол қызметтің  сапасы, кемшіліктері қандай, тұрғындардың өтініштері бар ма деген мақсатпен қабылдау ұйымдастырып отырмыз. Қабылдауды поштадан бастап отырмыз. IMG_9493Тұрғындарға   мемлекеттік қызмет көрсетілуі қай деңгейде деп осы қабылдауды ұйымдастыра отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы туралы  жұртшылықтың пікірлерін, өтініштерін, сын-ескертпелерін тыңдап, бақылау жасап,  себептерін  анықтамақпыз. Төлем қабылдайтын терминалда бар, өзіңіз көріп тұрсыз, жұртшылық көбіне  коммуналдық төлемдерді кассаға төлегісі келеді. Әрине, кезектің көптігі  кейде техникалық жағдайлармен де,  төрешілдіктен де болып жатады, міне, осы секілді мәселелердің алдын алып, болдырмауымыз қажет,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары. 
   Қабылдауға тұрғындар  жазылып, өздерінің ұсыныстарын айтып, пікірлерін жеткізіп  жатты.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓