Жүрегіме нұр құйған

Астанаға туған өлкем Қостанайдан 2008 жылы 6 шілдеде қоныс аудардық. Сол күні мұнда үлкен мереке аталып өтті. Астананың туған күні жылма-жыл тойланғанда отбасымызбен шаттанамыз. Тұрғындар сүйікті қаланың келбетіне нұрлана қарайды. Биік-биік тұрғын үйлер мен мәдени нысандар бір-бірімен аса жарасымдылық танытады.
Қызымыз Салтанат аспирантураны тамамдағасын, 2002 жылы Астанада қызметке кірді. Қазір "Интергазда" менеджер. Үлкен қызым Ләззат "Цесна банкте" қызмет істейді.
Ерім Кәртай екеуміз балаларымыздың жемісті еңбек етіп жүргеніне дән ризамыз. Немерелеріміз де гүлдей жайнап өсіп келеді.
Бір сөзбен айтқанда, Астанадай сұлу қалада өмір сүру ерекше ғанибет дер едім.
Зәуреш Утина,
химия ғылымдарының кандидаты, профессор
Суретте: Зәуреш Есмұханқызы мен Кәртай Ғаббасұлы отбасымен бірге.