Жанкелдиндіктер сайлауды 92 пайызбен аяқтады

Жанкелдин ауданы бойынша 29 сайлау учаскесі бар. Оның 6-ы – аудан орталығында. Жалпы сайлаушылар саны – 6921. Барлық сайлау учаскелері таңғы жетіден өз жұмыстарын бастап кетті. Аудандық мәслихат депутаттығына 36, облыстық мәслихат депутаттығына 3 үміткер және 6 партия бар. Сайлаушылардың дауыс беруге деген белсенділіктері өте қарқынды. Әр сайлау учаскесіндегі бақылаушылардың айтуына қарағанда дауыс беру процесі әділ өтті. Жанкелдин ауданы сайлауды 92 пайызбен аяқтады.IMG_0077
 
IMG_0057
IMG_0083 (1)
Он сегіз жасқа толып, алғашқы дауыс беру құқығына ие болған жастар және дауыс жинау жәшігіне бірінші болып бюллетен қағазын салғандар арнайы сый-сияпатпен марапатталды.
торгайМұхтар Жұмағазин, сайлаушы: Мен осыдан екі жыл бұрын Қостанай қаласының Затобол кентіне жұмыс бабымен ауысып кеттім. Бірақ бүгінгі күнге дейін Жанкелдин ауданының тұрғынының есебіндемін. Мемлекеттік маңызы зор саяси науқанға 600 шақырым жерден арнайы келіп дауыс беріп отырмын. Себебі әрбір сайлаушының дауысы өте маңызды. Еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып, экономикамыздың дамуына белсене атсалысатын үміткерлерге дауыс беру – міндетіміз. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында болып жатқан саяси дода құтты болсын.
торгаАлмас Тұрмат, сайлаушы: Еліміздің түкпір-түкпірінде болып жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауға дауыс беру – тұрғылықты азаматтардың борышы. Мен өз дауысымды халықтың мүддесін қорғайтын, елдің ертеңін ойлайтын депутаттарға дауыс беремін. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры биік, абырой асқақ болсын.
 
 
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓