Бірінші сынып оқушысы. Ол кім?

Бұл іс-шара "Бақытты отбасы" жобасының аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Нұр Отан" партиясының қолдауымен өтті.

Ата-аналар конференциясы-на ҚР Білім және ғылым министр-лігінің, "Отбасылық тәрбиелеу институтының" өкілі, психолог Ж.Незири, облыстық білім бас-қармасының жетекшісі Ә.Төрт-қараева, "Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбаса-ры Ә.Сапарова, сонымен бірге "Нұр Отан" партиясының басқа да өкілдері, мысалы, Г.Қапенова, психолог-ғалым Л.Саркисян, білім саласының қызметкерлері мен мамандары, психологтары қатысты.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Отбасылық тәрбиелеу институтының" өкілі, психолог:
– Мектепте білім алу кезінде ата-аналар тарапынан балаға психологиялық қолдау көрсету – ең маңызды әрі үлкен салмақты мәселе. Бірінші сынып оқушыла-ры да, олардың ата-аналары да мектептегі оқыту үдерісіне дайын болуы керек. Бала бірінші сынып-қа барған соң, кездесетін кедер-гілерден мүдірмей өту үшін, біз алдын алуымыз қажет, ата-ана-ларға сол кедергілерді, қиын-дықтарды жеңуіне жол салғаны-мыз жөн. Ата-аналардың педаго-гикалық мәдениетін арттыру шы-нын айтқанда, әр жеке отбасы-ның, жалпы бүкіл қоғамның мін-деті. Отбасы махаббатқа, сыйлас-тыққа, өзара түсіністікке, кіші-пейілділікке толы рухани байлық-пен өмір сүрсе, бала да сол қасиеттерге ие болмақ.

Жиналғандар бірінші сынып оқушысы үшін мектепте білім алуына, оқуына ең алдымен психологиялық тұрғыдан көмек керек. Міне, осындай көмек жан-жақтан берілген кезде бала да қолдау мен көмекті, қамқорлықты сезініп жаңа ортаға тез бейімделеді дейді.
Жанар Ержанова, ата-ана:
– Балам №24"а" мектеп-гим-назиясының бірінші сынып оқу-шысы. Біз өзіміз өмірдің ол беле-сінен әлдеқашан өтіп кеткенбіз. Ал, кішкене бала үшін өте қиын екені рас. Жаңа орта, бейтаныс балалар, мектеп тәртібі мен ережесі. Үнемі ата-ана мен ата-әжесінің және басқа да туған-туыстарының қамқорлығына бөленіп өскен 6-7 жасар бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттау – үлкен өмірдің кезеңіне қадам басу. Осы арада ата-ана-ның да, ұстаздың да, психолог-тың да үлкен көмегі қажет. Сон-дықтан ата-ана ретінде осындай конференцияның болғанына ризамын.
Көп мәлімет алдым. Бейнероликтерде өмірде кезде-сіп жатқан көріністер. Таратып берген кітапшада бәрі-бәрі бар. Кеңес те, мектепке қалай бейім-деу керек, не үшін мақтауымыз керек дегендей. Әр ата-анаға түсінікті, қарапайым тілмен жа-зылған. Тіпті балаға "Мен сені жақсы көрем" деп айтудың отыз тәсілі бар екен. Баламызға "Ай-налдым, сенен. Сен кереметсің. Ақылдысың" деп мақтасақ, соның өзі де жеткілікті деп ойлаймын.

Конференция аясында ата-аналар бейнероликтер көріп, оқыту слайдтарымен танысты. Сауалнамалар толтырды. Жи-налған ата-аналарға Астана қаласындағы Отбасы тәрбиелеу институтының түлегі, психолог Алтын Биғазина слайд пен бей-неролик ұсыну арқылы баянда-масын танымдық-психологиялық тұрғыдағы оқыту сабағы ретінде өткізді деп айтуға болады. Ата-аналар оқылған бұл баяндама-сабақтан ең алдымен бірінші сыныпқа барған оқушы бала-ңызға сіздің тарапыңыздан қан-дай көмек қажет, дайындық кезе-ңі мен оқудың алғашы айларын-да не істеуіміз керек? Туындай-тын қиыншылықтар қашан жоға-лады? Оқушы балаңыздың мі-нез-құлқында өзгерістер болған-да, өзіңіз үрейленіп, абыржып басқа балалар ұрып жүрген жоқ па, тез шаршап қалатындығы, оқуға деген қызығушылығы басылмай ма? деген сұрақтар-дың жауабын тапты.
Сәуле Кәрімова,
№24"а" мектеп-гимназиясы-ның директоры:
– Бірінші сыныптың оқушы баласына ата-ананың содан кейін барып мұғалімнің көмегі қажет. Әр үйдің баласы әр түрлі. Сондықтан бірлесіп жұмыс жасауымыз керек деп ойлаймын. Оқушының әр талпынысын, ықыласын көтермелесек, мектеп ішілік жұмысына араласып, баланың үйдегі қылығын бақы-лап қана қоймай, сабағына қаты-сып, көп көңіл бөлсек, ұтыл-маймыз. Мінезі қиын, жалқау, нашар бала деген болмайды, баланың барлығы жақсы, тек дұрыс бағыт-бағдар бергеніміз жөн. Тек "кейде ғана" я болмаса баланың теріс қылығына ша-қыртқан уақытта ғана келмей, ата-аналар жиналысына үнемі келгеніміз жөн. Қателігін, "2" деген бағаны көріп, жаттау берсе тез жаттай алмағанын, жазуының нашарлығын көріп, ұрысқанымыз жөн болмас, сабырлық сақтай біле білсек, ол да балаға үлкен медет, үлкен сабақ.
Алмас Әбсадық,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың оқу жөніндегі прорек-торы, "Нұр Отан" партиясының өкілі:

Соңғы сөз: Сонымен, бірінші сынып ата-аналарына арналған конференция аяқталды. Бұл жиынның басты міндеті – отбасы мен мектеп өзара бірлестігінің, ынтымақтастығының байланы-сын қалау. Ал, бірінші сынып ата-аналарының басты шаруасы – баласының оқуға деген қызығу-шылығын қолдау, көмек беру, жаңа өмір тәртібіне (мектеп) дағдылануға көмектесу. Психолог мамандар мен педагогтар оқу-шының оқудағы табысы – отбасы мен мектеп және оқушы арасын-дағы үштіктің тиімді қарым-қаты-насына байланысты. Сондықтан кез-келген уақытта өз шаруаңыз-ды сыртқа ысырып, баламен айналысуға дайын болыңыз дейді.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суреттерде: ата-ана кон-ференциясынан көріністер.