Ел өміріндегі елеулі шара
ҚР Парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау жұмыстары Арқалық қаласында да жоғары дайындықпен жүргізілуде. Ел рәміздері салтанат құрған сайлау учаскелері бозала таңнан сақадай сай әзірлікпен сайлаушыларын қарсы алды.




Бүгінгі сайлауға немерем Нұрлыбекті осы сайлауға түсіп жатқан аға – апаларындай үлкен азамат болсын деп ырымдап ертіп келіп тұрмын. Немерем жақында тоғызқұмалақ ойындарынан облыс жеңімпазы атанды. Енді Орал қаласында өтетін республикалық жарысқа аттанбақшы.
Еліміздің азаматтары аман болып, мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан қазақ елі көркейе берсін.

Сайлау өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Халықтың келуі бәрі жақсы. Мүмкіндікті пайдаланып халықты алдағы келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Еліміздің берекесі артып, көркейе берсін.

Сайлау жұмысы барлық сайлау учаскелерінде талапқа сай таңертеңгі сағат 7:00 – де еліміздің әнұранымен басталды. Сағат 8:00 – ге дейінгі уақытқа келіп түскен мәлімет бойынша 1689 сайлаушы өз дауыстарын беріп үлгірді. Сайлау штабында сайлау туралы мәліметтерді уақытылы қабылдап отырмыз. Ел өміріндегі маңызды шара бүгінгі кешкі сағат 20:00 – ге дейін жалғасатын болады.
Еліміздің мәртебелі сайлау науқаны Арқалық қаласында осылайша қарқын алуда. Сағат10:00 де қалалық сайлау штабынан алынған ақпарат бойынша 8631 сайлаушы дауыстарын берді. Бұл нәтиже сайлау көрсеткішінің 32,4 % – ын құрайды.
Мұрат Жүнісұлы.
Суретті түсірген автор.
Арқалық қаласы.