Жалған ақша жасаушының ісі қаралуда

Қостанай қаласының №2 сотының өндірісіне жалған ақша банкноттарын бірнеше рет қолдан жасаған азаматқа қатысты қылмыстық іс сот өндірісіне келіп түсті, Бұл жөнінде  аталған соттың баспасөз қызметі хабарлады. 
ақша 1Бұрын сотталған В есімді қала тұрғыны ҚР Ұлттық Банкінің ақша банкноттарын бірнеше рет қолдан жасап, істі болғаны анықталды. Ол жалған ақшаны дайындап, сақтап, оны әрі қарай өткізу мақсатында, 2012 жылдың мамырында белгісіз тұлғалармен бірге көшірме жасау-көбейту құрылғысының түрлі-түсті картриджбен жабдықталған жеке компьютері арқылы 2000 теңге номиналды жалған ақша банкноттарын бірнеше рет дайындап шығарған. Жалған ақшаны шаһардағы сауда орталықтары, базарлар, дүкендерде халық тұтынатын жеңіл-желпі тауарлар мен азық-түлікке, сондай-ақ өзі мінген таксиге төлеген. Осылайша қайтарымға шынайы ақша банкноттар алып отырған.
Күдіктіге қатысты  соттың алдын ала тыңдау отырысы 2014 жылдың 25 тамызында өтеді.
 
 
Мешіт Ғазиз

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓