Ең белсенді – Қостанай облысы

Елімізде сайлаушылардың шамамен 18%-ы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен ОСК брифингі барысында мәлімдеді. Ақпаратқа сай, ең белсенді Қостанай облысы болса, белсенділігі ең төмен әзірше Алматы қаласы, деп хабарлайды Baq.kz .prajmeriz
«Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы мәліметті ұсынады. Облыстар, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссияларының ұсынған мәліметіне сәйкес, 2016 жылғы 20 наурыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, сайлау тізіміне енгізілген сайлаушылардың 17,57%-ы бюллетендерін алды. Олардың ішінде облыстар көлемінде айтатын болсақ, Алматы облысында – 23,22%, Ақмола облысы бойынша 20,89% сайлаушылар, Ақтөбе облысы бойынша 14,31%, Атырау облысы бойынша 11,88%, Батыс Қазақстан облысы бойынша 10,75%, Жамбыл облысы бойынша 19,3 %, Қарағанды облысы бойынша 18,78 % сайлаушылар дауыс берді. Ал Қостанай облысы бойынша 24,85%, Қызылорда облысы бойынша 19,83%, Маңғыстау облысы бойынша 15,23%, ОҚО бойынша 12,86%, Павлодар облысы бойынша 18,97%, СҚО бойынша 23,85%, ШҚО бойынша 24,31%, Астана қаласы бойынша тізімге енгізілген барлық сайлаушылардың 20,65%, Алматы қаласы бойынша 6,94% дауыс берді» деді Ләззат Сүлеймен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓