Әз-Наурызда тазарса, жаңарса…
..Болған оқиға, көнекөздер көрген оқиға… өткен ғасырдағы отыз екінің ашаршылығында бір қария кемпірі және бойжеткен қызымен қыстан зорға шығып, аштан өлетін болғасын, күн шуақтанып наурыз айы туғанда Қаратаудың қойнауындағы ауқатты қайын жұртын сағалауға жолға шығады. Күні-түні жүре-жүре болдырып, әупірімдеп бір қырға көтеріле бере алыстан ауыл-үйдің төбесін, будақтаған түтінін көреді. Қария қуанып, "Құдай қаласа, енді бір ұмтылсақ жетеміз!"–деп алға жүре бергенде кемпірі мен қызы сол тұрған жеріне отыра кетеді. Ақсақал абдырап қалады. Сонда отанасы: "Отағасы-ау, басымызда орамал жоқ, шашымызды добыратып, ауылға қалай көрінеміз?" – депті. Өздері өлімнен қашып құтыла алмай жүріп, ар-ұят, намысты ойлаған қосағына үн-түнсіз мойынұсынып, қария табан астында шапанының белбеуін шешіп жіберіп, оны екеуіне теңдей бөліп беріп-ті. Қайран ана ауылға орамалсыз баруды өлім санаған.
Болған оқиға, бүгінгі замандастар көрген оқиға… Теледидарда бокс баһадүрі Қанат Ислам бауырымыз жан жүрегі езіліп: " Біздің қазақ бауырымыз бір қытайдан қарыз ақша алған. Бірақ қарызын бере алмаған. Қарызын бермеген қазақтың әйелін тартып алған. Одан қытай бала көрген. Осыны естіп үйде жата алмадым. Бүгінгі қазақтың бірлігі, намысы.. Мұны естіп қор болғанша, естімеген, көрмеген жақсы еді..
Мен Қытайдан туған елге кететін кезде елдегі үлкен, сыйлы, беделді ақсақалдар мен ағаларым келіп, "кетпе" деп өтінішін айтты. "Қытай сені алақанға салып отыр. Алтын медаль аласың.Табысың да көп болады"– деп қолқалады – "Маған алтын керек емес, сіздерге керек шығар. Мен алдымен өзімді ойлаймын. Себебі, мен өз отбасымды, өз ұлтымды жақсы көремін. Мұндай жерден мен өзімнің отбасымды құтқаруым керек, алдымен. "Ит тойған жеріне, ер туған жеріне",–деді.
… Биыл, наурыз айы туғанда болған оқиға, ғаламтордан көрген, таспадан естіген, тағы сол Қытайдағы оқиға.. Әлеуметтік желілер дүр сілкінді. Шанхайда ақтық рингке екі оғылан ережесіз жекпе-жекке шықты. Шыққанымен төрт- бес минут бірін-бірі аңдысқан болып білек сипасып, тізе түйістіргеннен арыға бармады. "Неге төбелеспеді? Бұларға не болған? Спорттық ереже қайда қалды?"–деген қалың нөпір ду-ду етті. Төрешілер тектес барыстардың ішкі ойын түсіне қойды ма, екеуін де қызыл қағаз көрсетіп, жарыстан шеттетіп жіберді.
Бұлар қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытайлық қазақ Ғабит Тұрғанбек еді. Екеуі де айқас алаңына қазақ әнімен, Бекболат Тілеухановтың қазақы қаныңды қыздыратын сөз-сазымен аяқ басқан болатын.
– "Алаңға шыққан соң Ғабит соққы жасамай жүрді. Ғабиттің маған қолы батпай тұрғанын бірден байқадым. Бәлкім, Ғабит бауырымның елге деген сағынышы, елге оралсам деген аңсары, оның да көк туымызды желбіреткісі келетін арманы, ұлтым, алашым дейтін намысы болса керек. Миллардтаған Қытайдың ішінде тұрып, қос қазаққа бір-бірінің мұрнын қанатып, көзін шығарып, қан-жоса етіп жатуы жараспайды деген бір түйсік, бір намыс өн бойымды билеп алды. Даңқы аспандаған атақ, қыруар ақша беріп жатса да, қазақ екенімізді дәлелдегіміз келді"– дейді Айбек. Бұл жерде кім қалай ойлаймын десе де ерікті. Бірақ қазақтың қос қыраны мәреге дейін бірі француз, бірі украин жігіттерін тас-талқан етіп жеңіп, "енді қазаққа қарсы қай елдің баласы барсың?" дегенде, финалға қазақтың екі баласы бетпе-бет келеміз деп ойламаған екен. Тұла бойында қазақтың қаны қайнап, ұлттық намыс кернеген қос барыстың шешімі осылай болған!
"Жекпе-жектен кейін Ғабит екеуміз жолығып, қол алыстық"– дейді, өз сұхбатында Айбек Нұрсейіт.
Наурызда ескі тозып, орнын жаңа басады. Дүние жаңарады. Қазақтың ар-намысы да тазарса, жаңарса нұр үстіне нұр!