Тәлім, тағылым, таным

Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінде қазақ тілі мұғалімдері мен әдіскерлерінің қатысуымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру жолдары» атты облыстық семинары өтті.
Семинарға өңірдің әр аудандарынан алпысқа жуық ұстаз келді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Райхан Әбдіғамидова шараның салтанатты ашылуында бір күнге жоспарланған бағдарламаның мазмұнын айтып өтті. Одан соң мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қамтыған ашық сабақтарға қатысты. Үлгі сабақтарды Затобол мектеп-гимназиясының, Н.Наушабаев атындағы орта мектебінің, Заречный мектептерінің ұстаздары мен «Балбөбек» балабақшасының тәлімгерлері өткізді.IMG_0090
Түстен кейін семинар тыңдаушылары «Айтуға оңай» бағдарламасын тамашалады. Жүргізуші Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Гүләлем Есқалиева бағдарламаны мазмұнды, қызықты ақпараттармен «Мұғалім мамандығы: кеше, бүгін, ертең» тақырыбын тереңнен қаузады. Жүргізушілік қабілеті мен жан-жақты біліктілігі көрермендерді тәнті етті. Қонақтар өз ойларын батыл жеткізіп, педагогтардың бүгінгі беделіне алаңдаушылық білдірді. Бағдарлама соңын Жұлдыз Егінсаева «Мектебім» әнімен өрнектеді.
Семинар «Жыр алыбы – Жамбыл» атты аудандық оқушылар айтысымен қорытындыланды. 
Асыл ҚАСЫМ  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓