Құрылыс қашанда тиянақты орындалу қажет

Өңірімізде құрылыс нысанын аяқтағаннан кейін уақытша пайдаланған материалдардың ақысын мемлекетке қайтармайтын құрылыс компаниялары аз емес. Анығырақ айтсақ, белгілі бір нысан құрылысы бой көтеру үшін алдымен оның жобалық-сметалық құжаты жасалады. Құрылысқа жер бөлінеді. Аумақты қоршауға кеткен материалдардан бастап, құрылысшылар мен күзетшілер отыратын жылжымалы баспаналар, асханалар, шаруашылық нысандары үшін мемлекеттен арнайы қаражат бөлінеді. Ал негізгі ғимарат салынып, тапсырылатын кезде жоғарыда аталған уақытша қолданылған нысандарға бөлінген соманың 15% мөлшерін мердігер фирма мемлекетке қайтару қажет.Өңірде құрылыс қарқын алуда
– Прокуратура органдары мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына жасалған тексеріс қорытындысы бойынша Қостанай облысының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жекелеген мемлекеттік мекемелеріне құрылыс фирмаларынан қайтарым сомаларын өндірту туралы талап қойылды. Осы талап бойынша уақытша ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға бөлінген қайтарым сомалары бар болса да, материалдар мен бөлшектерді сатудан түскен бұл қаражаттың бюджетке түсірілуі қамтамасыз етілмеген, – деді облыс прокурорының көмекшісі Ерболат Жүнісов баспасөз жиыны барысында.
Аталған  дауларды сотқа дейінгі реттеу кезінде, облыстық құрылыс басқармасы және өңірдегі аудан-қалалардың құрылыс бөлімдері қойған бірде-бір талап орындаушы тарапынан мақұлданбаған. Сотқа шағымданған арыз берушілердің талаптары қанағаттандырылмапты.сот
Мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау мақсатында, облыстық прокуратура Бас прокуратураға өз ұсынысын білдірген, Бас прокуратура оны қолдап, Республиканың Жоғарғы Сотына қадағалау актісін енгізіпті.
– Жоғарғы Соттың 19.01.2016 жылғы қаулысымен наразылық толық мөлшерде қанағаттандырылды, мердігер ұйымдардан облыстық құрылыс басқармасының пайдасына 37 млн. теңгеден астам қайтарым қаражаты өндірілді. Ал үстіміздегі жылдың 15 ақпанында Қостанай облыстық соты «Строй Связь Компани» ЖШС-нен 1 448 470 теңге қайтарым сомасын өндірту туралы азаматтық іс бойынша апелляциялық наразылықты қанағаттандырып, облыстық прокуратураның уақытылы шара қолдануының нәтижесінде 38,4 млн. теңге бюджет шығынына жол берілмеді, – деді Е.Жүнісов.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓