Генералдың құрығынан құтылмады

Генерал-майор Тлеген Маткеновтың үйіне ұрлыққа түскен қылмыскер құрықталды. Қылмыскер өз кінәсін мойындап, ұрланған заттарды иесіне қайтарды. Күдікті бұған дейін де істі болған екен.dom_kost3Естеріңізге салсақ, Қостанай облыстық ІІД-нің басшысы Тлеген Маткеновтың үйіне терезесінен ұры түсіп, швейцариялық қымбат сағаттытың онын қолды еткені туралы мәлімет тараған болатын.
Тілшілер қауымына белгілі болғандай, «Audemars Piguet», «Zenith», «Ulysse Nardin», «Bridge», «Rolex», «Frederique Constant», «Longines» сияқты қымбат маркалы сағаттар қолды болған. Алайда, Қостанай ІІД-нің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, қолсағаттар қымбат емес, жәй ғана көшірмелер. Әрбірінің құны жұрт айтқандай миллион емес, бір мың теңгеден тұрады екен. Осыған қарамастан, он сағаттың залалы 300 мың теңгеден асып жығылыпты.
Сондай-ақ, өз үйінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан соң генерал-майор ұрлық болған зәулім үйде уақытша тұрақтаған дейді. Үй Қостанайдағы жеке кәсіпкердің иелігінде. Маткенов мырза белгілі бір мерзімге ғана жалдаған. Сағаттар да үй қожайынының мүлкі болып шықты деп хабарлайды informburo.kz сайты.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓