Жаныңды сақта, жүргінші!
«Мас жүргізуші – қылмыскер» атты жол тәртібін қадағалау жобасы аясында, екі күн, ішінде қаламызда 32 жүргізуші ұсталды. Еске сала кетейік, полиция қызметкерлері аталмыш іс-шараны демалыс күндері қолға алады.
Жол тәртібін бақылау барысында ІІБ-ның жедел басқару мен орталығының инспекторлары «ВАЗ 2106» көлігін нысанаға алады. Абай даңғылымен «Нариман» базарына жол тартқан бұл темір тұлпар иесі айтулы жол ережелерін бұзады. Көлік тура бағытта жүре алмай, басқаларға да кедергі жасайды. Ізкесушілер тез арада жақын маңдағы полиция бекетіне хабар берген. Автокөліктің иесін ұстап, әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің талаптарына сәйкес, жүргізуші куәлігінен айырды.
-Осы жоба басталғалы облыс көлемінде 141 көлік жылдамдықты асырғаны үшін ұсталса, 128 көлік иесі және жолаушылары қауіпсіздік белдігін тақпаған. 62 жүргізуші рөлде ұялы телефонмен сөйлессе, үшеуі жаяу жүргіншілерге теңбіл өткелде жол бермеген. 6 көліктің терезелері заң талабына сай қапталмаған. 35 жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жолды кесіп өткені үшін жазаланды деп, -хабарлайды ІІД нің баспасөз қызметі.

Кенже ҚОНЫСБАЙ