Өңірде жасөспірімдер қылмысы көбейген

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі жедел топтардың жұмыс нәтижелері бойынша 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы қылмыс 18% артқан. Аталған қылмыстардың 15% астамы түнгі уақытта жасалатыны анықталыпты. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен баспасөз жиынында құзырлы орган өкілі Нұрбол Әбдірахманов хабарлады:
– Прокуратура органдары жанынан кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ересектерсіз жүру фактілерін болдырмау мақсатында жедел топтар құрылған. Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың барысында заңды өкілдер қараусыз жүрген 88 жасөспірімді анықтады. Мұндай фактілер Рудный (35), Қостанай (10), Арқалық (3), Лисаков (1) қалалары мен Федоров (8), Меңдіқара (7), Денисов (4),Жітіқара (3), Қарасу (3), Қостанай (3), Әулиекөл (2), Таран (2), Ұзынкөл (2), Қарабалық (1), Сарыкөл (1) аудандарында жиі ұшырасуда.Девиант-бала
Прокуратура өкілдері сонымен қатар, балаларды жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуынан қорғау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта жағдайы нашар 375 отбасында тәрбиеленіп отырған 754 баланың аты-жөні тізімге алынып, ішкі істер органдарына есепке қою үшін жолданған.
Ал биылғы жыл басынан бері порнографияны насихаттайтын бар 16 интернет топқа тыйым салынған екен. Ғаламтор қолданушыларының1,5 мыңға жуығы кәмелеттік жасқа толмағандар.
Прокурорлар бизнес саласы өкілдеріне, әсіресе, дүкен, дәмхана, түнгі клубтардың қожайындарына кәмелеттік жаксқа толмағандарға темекі, алкаголь өнімдерін саудалап, қызмет көрсетпеуге шақырады. Ал ең бастысы, балаларының қараусыз қалмауына, үнемі бақылауда болуына алдымен ата-аналар жауап беретінін ескертті.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓