Арқалықта Құран жарысы өтті
Құран жарысына 7-13 жас аралығындағы 22 жеткіншек қатысты. Жарыс барысында Мухтасиб Әлмұхаммед мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев сайыстың мақсаты мен мәнін түсіндірді.
Құран жарысының шарты бойынша «Шәмс» пен «Нас» сүрелері аралығында 10 сүрені жатқа білуі және Құранды жүргізіп оқу номинациялары бойынша сыналды.



Жүлде алғандарға демеушілердің көмегімен марапаттау хаты мен тұрмыстық техникалар және қаржылай сый-сияпат жасалды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі