“# Хелпер ВОХ” акциясы

Арқалықта осындай атаумен қайырымдылық акциясы өтуде. Бұл сөздің қазақша мағынасы "көмек жәшігі" дегенді білдіреді. Акцияны ұйымдастырушы – Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған жастар ресурстық орталығы мен Арқалық көпсалалы колледжінің "АКМЕ" волонтерлық орталығы.DSCF3842
 
DSCF3830
DSCF4007
DSCF4020
ӘлиӘли Тәжиев, Арқалық көпсалалы колледжінің студенті: Көмек жәшігіне қала тұрғындары үйлерінде киілмей жатқан басы артық киім-кешектерін әкеліп салады. Біз оларды сұрыптап, көмекке мұқтаж жандарға апарып, таратып береміз. Жас та болсам осындай қоғамға пайдасы тиетін істермен айналысып жүргеніме қуаныштымын.
 
 
ӘлимаӘлима Есендосқызы, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті: Қайырымдылық акциясы өте орынды ұйымдастырылған шара. Қоғамға пайдасы бар іс. Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға көп көмегі болады деп ойлаймын. Мұндай шаралар көптеп көрініс тауып жатса, нұр үстіне нұр болмақ.
 
 
"Көптің көмегі көлдей" деген. Акцияны ұйымдастырушылар көмек жәшігіне жиналған заттардың алғашқы легін қаладағы №12 аз қамтылған отбасылар тұратын жатақханаға апарып, мұқтаж жандарға таратып берді.
 
ДарханДархан Қиқымов, Жастар ресурстық орталығының директоры: Биыл елімізде тұңғыш рет аталып өтілген 1 наурыз – Алғыс айту күнінен бастап осы шараны қолға алып, қаламыздағы "Ажар МАLL" сауда ойын-сауық орталығына көмек жәшігін қойған болатынбыз. Осы уақыттарда қаланың тұрғындары акцияға белсене атсалысып, киім-кешек, жұмсақ ойыншықтар көптеп жиналды. Бүгін сол бұйымдарды жатақханаға арнайы түрде келіп, таратып отырмыз. Мұқтаж жандарға бізден бір көмек болсын деп осы акцияны ұйымдастырдық. Бұл көмек жәшігін алдағы уақытта қаламыздың өзге де нысандарына қоймақпыз.
 
Қала тұрғындарын "# Хелпер ВОХ" жәшігінің жанынан жай ғана өтіп кетпеуге шақырамыз. Үйлеріңізде киілмей қалған киімдер болса, оны босқа жатқызғанша, қол жеткізе алмай жүрген мұқтаж жандарға берсеңіздер екен дейміз.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓