Арқалықта автодром салынады
Биыл Арқалық қаласында автодром пайда болмақ. Осы мақсатқа облыс қазынасынан 77 млн теңге қарастырылған.
"Бұған дейін Арқалық қаласы мен көршілес Аманкелді, Жанкелдин аудандарының жастары жүргізуші куәлігін алу үшін Қостанай, Нұр-Сұлтан қалаларына барып тәжірибелік сынақ тапсыратын. Бұл тұрғындарға қаржылық қиындықтарды айтпағанда ұзақ жол жүру, белгіленген уақытты күту сынды көптеген қолайсыздық тудыратын. Өңір тұрғындарының осы өтініштері облыс әкімі тарапынан ескеріліп отыр", – деді қалалық Тұрғын үй құрылысы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарыжәне тұрғын – үй инспекциясының бас маманы Асылхан Қуанышбаев.Қазіргі таңда автодром салу үшін ашық конкурс арқылы мердігер ұйымдардың өтініштері қабылдануда. Мердігер ұйым анықталған жағдайда алдағы мамыр-шілде айлары аралығында автодром құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Автодромға арнайы орын белгіленген. Қала іргесінен тың жерден салынатын болады.
Мұрат Жүнісұлы