“Үздік мемлекеттік қызметкер” анықталды
Биыл ауданда алғаш рет "Үздік мемлекеттік қызметкер" шығармашылық байқауы байрағын көтерді.
Бірінші бөлімде байқауға қатысушылар өздері және сүйікті жұмыс-тары жайында айтса, екінші турда есте қаларлықтай эсселерін оқыды. Ал үшінші кезеңде үміткерлер мемлекеттік тілді мейлінше меңгергендіктерін алға тартып, ҚР Заңы жайында өздеріне қатысты сауалдарға жауап берді. Төртінші тарауда тартысқа түскендер таланттарын танытып, өз өнерлерін ортаға салды.
– Бұл байқау мемлекеттік қызметкерлерді басқа қырынан танытуға зор мүмкіндік береді. Әріптестер арасында таланттар бар екендігін таныта түседі, – деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімдігі аппаратының басшысы, осы сайыстың әділқазысы болған Қымбат Жарқымбаева.
Байқау соңында барлық бөлімдердің ортақ ұпайы бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы Денис Кравченко "Үздік мемлекеттік қызметкер" атанды. Ал қалған үкілі үмітпен қатысқан үміткерлердің бәрі де мадақтама қағаздары және арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.