Диспансерден – түрмеге

Бүгін облыстық түбіркүлезге қарсы диспансер ғимаратында Таисия Орловаға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім кесілді. Бұған дейін де істі болған 29 жастағы азаматша есірткі саудасымен айналысқаны үшін айыпталды.героин
Айта кетейік, ол қазіргі уақытта түбіркүлезге қарсы диспансерде жұлынның түбіркүлезді спондилиті диагнозымен емделуде. Науқастың өздігінен жүріп-тұруы қиын болғандықтан, осы уақытқа дейін қылмыстық істі қарау осы ғимаратта өтіп келді.
Іс материалдары бойынша, Орлова 80,05 грамм «героин» есірткілік затын өз көлігінде, үйінде заңсыз саудалау мақсатында сақтаған.  Осы жылдың 11-наурызында тәртіп сақшылары жүргізген «Ким» арнайы шарасы кезінде және «Көкнар» операциясы барысында көлігінен наша табылған. Сондай-ақ, үйінен (Затобол ауылы) 76 полимерлік орама тәркіленді.
Сарапшы қорытындысына сәйкес барлық тәркіленген есірткі салмағы – 77,84 грамм.
Мамандандырылған ауданаралық сот Т.Орлованы кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Қатаң режімдегі колонияда жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓