“Ел үшін қызмет етеміз!”

 
– дейді подполковник
 Бағила Жантасова
Оқу  орталығындағы  арнайы  пәндер  циклының бастығы, полиция  подполковнигі Бағила     Жантасова ішкі істер  органында  2001 жылдан  бастап  қызмет  атқарады. Екі  баланың  анасы.IMG_0577
Жаны  нәзік –  Бағила  Қабдуәлиқызы  өзінің  екі  баласын  тәрбиелеумен  қатар,   қызметіне бар  күшін  салып, толық  беріліп  атқаратынын әріптестері  күнделікті көріп жүр. Өзіне  жарасымды  полиция  қызметінің  нысандық  киімімен  көргенде  қызыға  қарайсың. Бағиланы жас  полиция  қызметкерлеріне  үлгі  етеміз.
Қызметінде әсіресе, жас полицейлерге оқу барысында барлық тәжірибесін, тәрбиесін беруде үлкен жұмыстар  жүргізіп келеді. Әріптестеріне  өзінің  мол  тәжірибесімен  ұдайы бөлісуге  де дайын  тұрады.
Полиция подполковнигі Бағила  Жантасовамен әңгімелеске-німізде, қызметін ұнататынын, үнемі ізденісте жүретіндігін, бар білгенін полиция қызметкерле-рімен бөлісіп, үйрететінін жет-кізді. Мұның барлығы аяулы ана, тәжірибелі ұстаз өзінің қызметтік  парызы санайтынын айтты.
– Әрине,  ең  бірінші әйелмін, анамын, – деп көзіне  жас алды Бағила Жантасова. – Жолдасым өрт  сөндіру  қызметінде талай рет қызыл жалынмен арпаласып, тілсіз жауды  құрықтап, өз ісінің шебері  ретінде жақсы жағынан көзге түсті. Ол  өзінің  қызметін өте қатты  жақсы көрді, әріптестері де  біледі. 2001 жыл-ғы 9 наурыз  күні  Қостанай  қаласындағы О.Шипин көшесіндегі  110 үйден  шыққан өртте тілсіз жаумен қиян-кескі арпалысып, өзгенің  өмірін құтқарамын деп, өзі құрбан болды. Қызметтік  борышын  орындау кезінде қайғылы қазаға  ұшыраған Талғатты әріптестері әлі күнге дейін еске алады. Оның ерлігін әсте есте сақтау  мақсатында өзі қызмет еткен нөмірі 2-өрт сөндіру бөлімінде ескерткіш тақта ашылды. Әмәнда Талғаттың құрметіне спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Полиция  подполковнигі  Бағила Жантасова:  "Әріптестеріме табыс  тілеймін,  жас  полиция   қызметкерлерінің   әрқайсысы  адал  қызмет  етіп,  Отанымыздың патриоттары болсын", – деп өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.
 
  Гүлбану Достоярова,
Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орталығының  Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы.
Қостанай қаласы.
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓