“Ең әдемі келіншек – 2016”

Арқалықта осындай атаумен жыл сайын қазақ халқының әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған, ибалы келінді дәріптеу мақсатында келіншектер байқауын өткізу дәстүрге айналған.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет сарайы бірлесіп өткізген тағылымды шарада қатысушылар "Мен бақытты әйелмін" – өзін өзі таныстыру, "Дәстүрді білесің бе?" – интелектуалдық сайыс, "Өнерім асыл қазынам" – өз отбасымен өнер көрсету, "Мерекелік тәтті" – аспаздық шеберлік, "Бесік жыры" – әдет – ғұрпты сипаттау, орындау, "Әдемі-ау" – кешкі киім үлгісі.  Міне, жас келіндер осындай байқау шарттары бойынша сынға түсті.IMG-20160314-WA0008Қойылған талаптар: үміткердің отбасылы, балалы болуы, жас ерекшеліктері 20-37 жас аралығында, жұмысбасты болуы қажет.
Байқауға қала мен қатар қалаға қарасты ауылдардан барлығы 8 келіншек қатысты. Қорытындысында ІІІ орынды Родина ауылынан Гүлнар Баяхметова (4 баланың анасы), ІІ орынды КЮЭС қызметкері Ғафура Досова (5 баланың анасы), І орынды Үштөбе ауылынан Гүлзат Нүрпейісова (3 баланың анасы) иеленді.Бас жүлдені Торғай агро-техникалық колледжінің жас ұстазы, Кәки келіні Айым Жарасқан (1 баланың анасы) жеңіп алды.IMG-20160314-WA0009
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓