Қостанайда мас такси көбейген

Қостанайда тәртіп сақшылары «Заңсыз тасымалдаушы» операциясының  бірінші күнінде-ақ жол ережесін бұзған үш жүзден астам жүргізушіні ұстаған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, отыздан астам такси жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамаған. Тіпті, мас күйінде такси тізгінің ұстағандары да кездескен.1439194325avyxv
ІІД-нің жергілікті полиция аға инспекторы Юрий Панасенконың сөзінше, жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерді тексеріс барысында мас жүргізушіні тоқтатқан. Тәртіп сақшылары қала көшелерін патрульдеу кезінде және облыстық ІІД сайтына түсетін хабарламалардың көмегімен заң бұзушылықтарды әшкерелеген. Қоғамдық көліктердің, автобус жүргізушілерінің арасында онға жуық жол ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде, екі жүргізуші көлікте отырып ұялы телефонмен сөйлескен.
Рейстік автобустардың бірінің жүргізушісінде сақтандыру полисі болмаған. Сегіз таксиші көлікті талапқа сай жабдықтамағаны үшін жауапқа тартылды. Мас күйінде көлік басқарған 6 жүргізуші анықталды. Іс-шара 12-наурызға дейін жалғасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓