Су тасқынына сақадай сай

Көктем келіп, қар ерігелі бері қаланың коммуналдық мекемелерінде дамыл жоқ. Басты мақсат – көктемгі су тасқынының алдын алып, тұрғын үйлер мен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау.DSCF3888
Арқалық қаласында 117 көпқабатты үй есепте. Оның 87-не "Іскер-Арқалық" ЖШС қызмет көрсетеді. Тапсырыс түсіп жатса, қалған 30 үй кондоминимум нысанына да көмек қолын созады.DSCF3892
 
DSCF3902
DSCF3915– Ұжымда 72 адам жұмыс істейді. Мұның сыртында әлеуметтік жұмыс орны арқылы жіберілген 26 адам көп қабатты үй аулаларының тазалығын қадағалайды. "Қамданған қапы қалмайды" деген. Былтыр күзде 8 текше құм түсіріп, жабық орынға қаптап, дайындап қойдық. Міне, енді қажет болғанда жан-жаққа сабылып іздеп жатпай, дайын тұрған құм толы қапшықтарды қажетінше пайдаланудамыз. Біздің бұл қарекетімізді төтенше жағдайлар қызметі де жоғары бағалады. Бүгінгі таңда серіктестікке қарайтын 4 учаске бойынша: Абай даңғылы, Ғ. Қайрбеков, Ш. Жәнібек, Р. Маясова көшелеріндегі бірқатар үйлердің іргелеріне құм төсеп, ағын судың алдын алып жатырмыз, – дейді серіктестік директоры Төлеу Бақытжанұлы.DSCF3898
 
Төлеу ҚабжановТөлеу Қабжанов, қала тұрғыны: – Мен – Шақшақ Жәнібек көшесі № 87 үйдің тұрғынымын. "Іскер" кәсіпорны үйіміздің маңайын абаттандырып, ілкімділік танытады. Міне, көктем шыға үйіміздің іргесін қардан тазартып, қар суының үйімізге енбеуі үшін күш салуда. Жұмыстарын жақсы бағалап, алғысымызды айтамыз.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓