Ант алдында – жас жауынгер
Облыс орталығындағы 6697 әскери бөлімінде жас сарбаздардың ант қабылдау шарасы өтті. Бұл рәсімге бөлім командирі майор Ерлан Ипатов және сарбаздардың ата-аналары қатысты.



– Мен осыған дейін "Балапан" телеарнасында журналист болып қызмет еттім. Дегенмен, ҚР жауынгері атануды Отан алдындағы борышым деп есептедім. Қазақстанның қарулы күші қатарында парызымды өтегеннен кейін елдің толыққанды азаматына айналамын деп санаймын. Замандастарыма, өскелең буынға осыны үлгі етер едім, – дейді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери антының мәтіні 1992 жылы 25 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген. Бұл ант мемлекеттің азаттығы мен тәуелсіздігін, абыройын жанкештілікпен қорғаудың құқықтық және адамгершілік сипатын айқындайды. Әскери антта Қарулы Күштердің негізгі міндеттері және жауынгерлердің маңызды қасиеттері кандай болуы керектігі көрсетілген.