Отбасы берекесін қалай сақтамақ керек?
«Әкелер мектебінде» тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы талқыланды. Тәртіп сақшылары мен білім бөлімінің өкілдері бірлесе ұйымдастырған шараға жүзден астам ер-азамат қатысты. Бұндай жиын бұрын ата-аналар қоғамдық кеңесі ретінде өтетін-ді. Осы жолы тек әкелердің басын қосу ұйғарылыпты.
Облыстық ІІД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың аға инспекторы Айгүл Бекмағамбетованың айтуынша, 2016 жылы өңірде әйелдерге қатысты жасалған 606 қылмыс тіркеліпті. Өткен жылғыға қарағанда 48 пайызға төмен, яғни былтыр салыстырмалы кезеңде 1100 қылмыс жасалыпты. Отырыста психологтармен бірлесе отырып, отбасыдағы кикілжің, берекесіздікке алып келетін өзекті мәселелер талқыға түсті. Тәртіп сақшылары зайыбына доқ көрсетіп, қол көтеретін "асүй батырларына" қандай жаза қолданылатыны төңірегінде түсінік берді. Педагогтар да шаңырақтағы түсініспеушілік тердің балалардың тәлім-тәрбиесіне тигізетін кері әсері туралы ой-пікірлерін айтты. Ерлер қауымы да өз көзқарастарын ортаға тастады.

Бұдан былай "Әкелер мектебі" тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған барлық қалалық іс-шараларға белсенді қатыстырылмақшы.