Үш ұпай қоржында

Кеше ғана футболдан ел біріншілігінің жаңа маусымы бастау алған болатын. Көпшілік көш бастайды деп күткен командалар алғашқы ойыннан сүрініп, кестенің соңғы жағына барып жайғасты. "Қайрат", "Ақтөбе" сынды белді ұжымдар бірінші турды сүреңсіз бастады. Алайда, бұл – қызыққа толы футбол маусымының алғашқы туры ғана. 56e5591ebd320Ал, қостанайлық "Тобыл" өз алаңында оралдық "Ақжайықтан" басым түсті.
https://www.youtube.com/watch?v=-vl_KHmmkKM
Чемпионаттың жексенбі күнгі кездесуінде жергілікті "Тобыл" мен "Ақжайық" командасы бақ сынасты. Футбол мамандары мен жанкүйерлер де маусым басталмас бұрын, биылғы "Тобыл" жақсы нәтиже көрсетеді деп болжамдаған. Команда қатары жақсы ойыншылармен толықты, жұлдызды бапкер Дмитрий Огай да шебер еді.
Қостанайдағы ауа райының салқындығына қарамастан, "Затоболец" стадионында ине шаншар орын болған жоқ. Екі мыңнан астам жанкүйер алдында "Тобыл" жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысып бақты. Бірақ, алғашқы таймда жергілікті футболшылар мардымды шабуыл жасай алмады. Огай шәкірттері қорғаныста ғана болды. 
Кездесудің 70-ші минутына дейін нәтижелі ойынымен ешбір футболшы көзге түсе алмады. Алғашқы ойының сәтсіз бастағандардың бірі шабуылшы Аласане Н’Диайе алаңдағы орның Константин Дудченкоға босатты. Украиналық футболшы шыға салысымен "Тобылға" жеңіс әкелген жалғыз голды қақпаға тоғытты.
Осылайша, "Тобыл" үш ұпаймен әзірше 5-ші орынға табан тіреді.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓