Бекет басшысы парамен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай стансасы ЖІІД басшысы, полиция полковнигі Е.Р. Сапаровты 1 миллион теңге пара алу үстінде ұстады. «Ұсталушы Қостанай «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ филиалының магистральді желілер бөлімшесінің бас инженерінен сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін өзінің бірінші орынбасары, полиция майоры Батталов Ч.О. арқылы пара алған. Сапаров Е.Р. ҚР ҚК 128-бабы негізінде ұсталды және Рудный қ. уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.
Қазақпарат