Ы.Алтынсарин мектебінің 150 жылдығына арналды

Жуырда Жанкелдин ауданында волейболдан ерлер арасында облыстық турнир болып өтті. Жарыс Торғайдағы  Ыбырай Алтынсариннің өз қолымен қалаған мектебінің 150 жылдығына арналды.
болейбол-520x245
Турнирге алаң иелерімен қатар Арқалық қаласы мен Наурызым,Аманкелді аудандарының және Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің командалары қатысып, үш күн бойы өзара күш сынасты. Нәтижесінде  бірінші орынды Аманкелді ауданының волейболшылары жеңіп алды. Екінші орынды Жанкелдин ауданының командасы еншілесе, Ы.Алтынсарин мектебінің волейболшылары үздік үштікті түйіндеді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓