Шетел тәжірибесінің берері мол

     Шетел асып, іс-тәжірибеден өтіп келген қостанайлық кәсіпкерлер жеткілікті. Отандық кәсіпкерлердің білімін, біліктілігін шыңдауға арналған жоба «Іскерлік байланыс» деп аталады. Аталған жобаның 2-кезеңінде Қостанай, Рудный және Жітіқара қалаларының кәсіпкерлері Германияға барып келді. Бизнес бастағысы келетін мүмкіндігі шектеулі азаматтар да «Даму» қорының қолдауына ие бола алады. «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі 15 кәсіпкерге демеушілік көмектер көрсетілгенін бұған дейін де айтып өткен болатынбыз. IMG_87798
     -Шетелге барып іс-тәжірибеден өткен кәсіпкерлер облысымызға қайтадан келіп өздерінің бизнестерін кеңейтіп жатады. Мәселен, «Лидер-2010» ЖШС қазіргі таңда өзінің өндірісін кеңейтіп отыр. Жаңа технология бойынша қаймақ, йогурт жасауды қолға алды. Грант ұтып алған жобалардың жүзеге асуын міндетті түрде қадағалаймыз. Қаржының қандай мақсатта жұмсалғанын өңірлік үйлестіру кеңесі бақылайды,-деді «Даму» қорының Қостанай облысындағы филиалының қызметкері Салтанат Манасбаева.  
 
Қымбат Досжанова.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓