Кәсіп ашқысы келетін  жастар көбейді

Қостанай облысында кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастардың саны артқан. Бұл туралы облыстық баспасөз клубында өткен брифингте «Даму» қорының Қостанай облысындағы филиалының директоры Замира Оразбаева айтты. IMG_8747
Аталған брифингте «Даму» қоры ҚОФ-ның мамандары 2015 жылы жүзеге асырған жұмыстарын қорытындылады. Соның ішінде бизнес бастауға ынтасы бар жастар туралы ерекше атап өтілді. 
-Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастардың саны жылдан-жылға көбеюде. Қордың қызметін пайдаланушылардың 31%-ы – 29 жасқа дейінгі азаматтар. Бұл қуантарлық жағдай. Себебі, жастар – еліміздің болашағы, шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосатын тұлғалар,-деді «Даму» қорының Қостанай облысындағы филиалының директоры Замира Оразбаева. 
 
Қымбат Досжанова.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓