Мемлекеттік бағдарлама аясында…
Науырзым ауданынды «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Бағдарлама жүзеге асқаннан бері 252 адам қатысуға ниет білдірген екен. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қаржыландыру сомасы 115,1 млн. теңгені құрайды. Бірінші бағыт бойынша әлеуметтік саладағы объектілерді жөндеу жұмыстарына 6 адам жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 қатысушы жұмыспен қамтылды.
Екінші бағыт бойынша 35 қатысушыға 73,1 млн. теңге сомасында шағын несие бөлінген. Бұл қаражат жиһаздарды тасымалдау, наубайхана ашуға және мал шаруашылығын дамытуға бағытталды.
Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 32 адам жұмысқа орналастырылып, кәсіби дайындыққа 10 адам жіберілген. 10 жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған адамдар қайта даярлаудан өтіп, жоғары және орта арнаулы мекемелердің 20 түлегі жастар практикасына қатысқан.
– Жастар тәжірибесінен өткен түлектер өз жұмыс орындарын тапты. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік әрі өмірде қалыптасып кетудің бір жолы. Биылғы жылға да жоспар көп. Әрі бағдарламаның барлық бағыты іске асатынына сенемін, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Тазибекова.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
Науырзым ауданы.