Қамданған қапы қалмайды

«Көрінген таудың алыстығы жоқ». Әні-міні дегенше көктемде келіп жетті. Бұл мезгіл – әдетте,  шаруалар үшін аса қарбалас шақ. Мал төлдетіп, дала жұмыстарына әзірлену – ауылдағы ағайынның қашандағы айнымас міндеті.IMG_7333
 
IMG_7431Қостанайда облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің көктемгі егіс алдындағы дәстүрлі агрокеңесінде осындай қадау-қадау мәселелер талқыға түсті. Яғни, жауапты науқан алдындағы міндеттер сараланып, бұған дейін орын алған кемшіліктерді болдырмау қажеттігі айтылды.IMG_7397
Биік мінберден сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша биыл  өңір диқандары барлығы 4,7 млн.гектарға дәнді дақылдар сеппек. Оның басым бөлігі, әрине, бидай. Дегенмен, соңғы жылдары облыс басшылары майлы дақылдардың үлес салмағын арттыруды  алдыңғы міндеттердің бірі етіп қойып отыр.  Өткен жылы ауа-райының қолайсыздық тудырғанына қарамастан шаруалар 5 млн.тоннаға жуық өнім алды. Биылғы меже де қомақты. Ол үшін Үкімет диқандарға барынша қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, үстіміздегі жылы облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан 4 млрд.400 млн.теңге несие беріледі. Бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда аз. Бірақ, қысылтаяң шақта барды қанағат етуге тура келеді. Оның үстіне  өңір ауылшаруашылық саласына бөлінетін 18,1 млрд.теңге демеуқаржының 5,4 млрд.теңгесі диқандарға бұйырғалы тұр. Көктемгі дала жұмыстарының алдында шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май үлестіреледі. Оның бір литрі шамамен 91 теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, біздің облысқа тиесілі 71 мың.тонна сұйық отын шаруашылықтарға уақытылы жеткізіліп берілетін болды.IMG_7467
Облыс аграөнеркәсіп иелері үстіміздегі жылы 552,5 мың.тонна тұқымдық астық құйып алған. Бұл көктемгі егіс науқанын кідіріссіз аяқтауға толығымен жетеді. Қазір қолдағы тұқым сапасы тексеріліп жатқан көрінеді. Тек, бұл шараға кейбір аудандар нақты көңіл бөлмей отырған сыңайлы.IMG_7459
-Сапалы астық алу үшін жоғары сортты, таза тұқым пайдаланумен қатар, заманауи технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты міндеті. Онсыз ештеңе де өнбейді. Көптеген шаруалар әлі күнге дейін гербицидтер мен минералды тыңайтқыштарды қолдануды білмейді. Соның салдарынан егін алқаптарын арам шөп басып, шығымы төмендеп кетеді,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.IMG_7456
Өңір басшысы  аудан басшылары мен шаруашылық жетекшілеріне науқандық жұмыстарға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеп, егіс жұмыстарына әзірлік барысын тағы әлденеше рет пысықтау қажеттігін айтты. Бастысы – техника әзірлігіне басты назар аударған жөн.   
Осылайша «Қамдансаң, қапы қалмайсың» деген қағиданы қатаң ұстанатын диқандар қауымы жылдағы келеңсіздіктер  алдан шықпасы үшін науқандық жұмыстардың барысын күні бұрын пысықтап алды.
Облыстық ауылшаруашылық кеңесі туралы толық материалды газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓