8 миллиард теңгенің мүлкі жария етілді
Қостанай облысында жалпы сомасы 8 миллиард теңге болатын 3700 мүлік жария етілді. Бұл туралы облыстық баспасөз клубында өткен брифингте айтылды. Оған облыстық қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетова қатысып, мүлікті жария ету жөніндегі акциялар барысы туралы баяндаған болатын.2016 жылғы 9 наурыздағы жағдайға сәйкес, облыс бойынша мүлікті жария ету комиссиясы 5525 объектіні жария етуге 2360 өтінішті қабылдаған. 1617 объектінің жария етуден бас тартылғанын атап өтейік. Оның басты себебі жерге құқық беру құжаттарының жоқтығы. Өтінішті қарау отыз күннен артық кешіктірілмейді. Облысымызда дер кезінде қаралмаған өтініштер болған жоқ. Бәрі өз уақытымен жүзеге асуда.
Аталған процесті жеделдету мақсатында былтырғы жылдың аяғында мүлікті жария ету туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сол өзгерістердің бірі, мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Екіншісі, мүлікті және ақшаны жария ету рәсімдері оңайлатылды.
-Заңдастырылған мүліктердің саны бойынша біздің облыс республикада алтыншы орында. Атап айтқанда, осы уақытқа дейін 8 миллиард теңгенің 3700 мүлкі заңдастырылды,-деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетова.Елімізде рәсімделмеген қаржы мен мүлікті жария ету науқаны 2014 жылы 1 қыркүйекте басталған болатын. Науқанға барша қазақстандықтар, оралмандар мен мемлекетімізде тұруға рұқсат қағазы бар азаматтар қатыса алады. Заңдастыру жұмыстарын жергілікті жерлердегі әкімдіктер жанындағы арнайы комиссиялар жүргізеді. Аталмыш науқан жоспарға сай 2016 жылы 31 желтоқсанда аяқталады. Жария ету жөніндегі комиссияға құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашаға белгіленіп отыр.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.