Қой басы көбейіп келеді

Елімізде 2014 жылы бастау алған қой шаруашылығын дамытуға арналған «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламасының игілігін сарыкөлдік шаруалар тиімді пайдалануда.овца
Айталық, алғашқы жылы Сарыкөл ауданында небары 52 бас қой сатып алынса, 2015 жылы 400-ге жетті. Осылайша екі жылда ұсақ мал саны 500-ге жуықтады.
Атап өткен жөн, бұл мемлекеттік бағдарламаға Маяк, Комсомол, Тәгіл ауылдық округтеріне қарасты «Сычев», «Капанадзе», «Ташетов» және «Сильянов» сынды шаруа қожалықтары белсенді ат салысты.
-Бұл бағдарламаның арқасында 89 қой, 3 қошқар және жайылымдық жер алдым, – дейді Маяк ауылында тұратын қожалық басшысы Григол Капанадзе.
 
Руслан Әлкеев,
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓