Үздік жас оғыландар
Жыл басында өңіріміздегі жекпе-жек күресі одағының басшылығы мен жаттықтырушылары өткен жылдың қорытындысын жасады. Одақтың құрылған алғашқы жылы қоян-қолтық ұрыс, NOMAD MMA и Ушу-Саньда қатарлы спорт түрлерінің барынша дамығаны байқалады. Ең бастысы, жас өрендеріміздің туған елге деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі, салауатты өмір салтын сақтауға қосар үлесінің мол болары анық.
2017 жылы аталған жекпе-жек түрлерінен үздік деп танылған спортшы өрендердің аты-жөнімен таныс болыңыздар:
Рустам Махамбетов, қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпионы, NOMAD MMA бойынша ҚР чемпионы, NOMAD MMA бойынша әлем чемпионы, «Динамо» секциясы (Қостанай), жаттықтырушысы Талғат Махамбетов;
Тәуба Тәттібай, серебрянный призер РК по NOMAD ММА бойынша ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, NOMAD ММА бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері,
« Жауынгер» ӘСК (Қостанай), жаттықтырушысы Қайрат Бадыров;
« Жауынгер» ӘСК (Қостанай), жаттықтырушысы Қайрат Бадыров;
Вагиф Хайдаров, Қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпионы, Ушу-Саньдадан ҚР чемпионы, NOMAD MMA бойынша ҚР чемпионы, NOMAD ММА бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері, «Торнадо» СК (Қостанай), жаттықтырушысы Линар Кудасов;
Андрей Романяк, Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирдің жеңімпазы, NOMAD MMA бойынша әлем чемпионы, «ЖасУлан» (Қостанай) ӘСК, жаттықтырушысы Юрий Щур;
Самуил Чудинов, Қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпионы, NOMAD ММА бойынша республикалық турнирдің жеңімпазы, «Золотой Тигр» ЖК (Рудный), жаттықтырушысы Сергей Чудинов;
Виктор Шендик, Қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпионы, NOMAD MMA бойынша ҚР чемпионы, «Багира» СК (Жітіқара);
Руслан Салишев, Қоян-қолтық ұрыстан облыс чемпионы, NOMAD MMA бойынша облыс чемпионы, «Легион» СК (Жітіқара);
Данил Варанкин, Қоян-қолтық ұрыстан облыстық турнирдің жеңімпазы, NOMAD MMA бойынша республикалық турнирдің жеңімпазы, «Барыс» СК (Михайлов ауылы).
Қ.Қиысханұлы.