Сынаққа апарар жол

28, 29 және 30 маусым күндері Рудный қаласы мен Бейімбет Майлин атындағы ауданның 350 түлегі ҰБТ тапсырды.533e6e49-443c-4dd6-8215-4072be605f01
Рудный индустриялық институтына кіреберісте коронавирусқа қарсы санитарлық талаптар қатаң сақталды. Алдымен үміткерлер дезинфекциялық тоннелден өтіп, арнайы кілемшеде аяқ киімі мен қолын залалсыздандырды. Кейін дене қызуын өлшеп, медициналық маскасын ауыстырды.70d47ab3-d71a-4b7e-84ea-9188ff507b54
Оқу орнының ішінде түлектер Face ID технологиясы арқылы жеке басын куәландырды.06d361bc-1a8c-4fc4-aaca-91b6aa573791
–Тестілеугеқатысуға өтініштердің көбі онлайн берілгендіктен біз олардың түр-келбетін салыстыру үшін Apple компаниясының бағдарламасын пайдаланып отырмыз. Үш күнде ешқандай тыйым салынған заттар тәркіленген жоқ. Барлық тестке қатысушылардың дене қызуы мен денсаулық жағдайы қалыпты болды, –дейді қабылдау комиссиясының хатшысы Айгүл Жұмағалиева.
Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде түлектер арасында кемінде екі метр ара қашықтық сақталды.
– Біз мұндай сақтық шараларына психологиялық тұрғыда дайын келдік. Сол себепті тест сұрақтарына жауап беруде еш қобалжыған жоқпыз. Ұстаздарымыз, ата-анам ҰБТ барысын онлайн бақылады. Мен олардың үмітін ақтап, жоғары ұпай жинағандығыма сенімдімін, –дейді Ержан Мұратбаев.1fe51720-b6a8-4b8b-945f-77200b5e5afa
Айта кетейік, осы күндері ҰБТ-ны облыстың мектеп бітірген 3183 түлегі және колледжді тәмамдап, білімін жалғастырғысы келетін 270 түлек тапсырды.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓