Уақыт найқалуды көтермейді

             Соңғы үш жылда өңірде бизес-жоспарларды несиелендірудің көрсеткіші төмендеп кеткен. Мәселен, 2014 жылы берілген несиелердің тек қана 16,4 %-ы шағын кәсіпкерліктің үлесіне тиіпті. Өткен жылы оларға барлығы 34,6 млрд.теңге несие ұсынылған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 31% -ға аз.IMG_7800с
       Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың қатысуымен өткен  алқалы жиында жан-жақты талқыланды. Кеңес жұмысына еліміздегі бірқатар қаржы институттарының жергілікті өкілдіктері, аймақтық кәсіпкерлер Палатасының жетекшілері, аудан, қала әкімдері мен олардың орынбасарлары, кәсіпкерлер қатысты.
       Жалпы, Тобыл өңірінде кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға қатысты шешімін таппаған түйткіл көп. Мемлекет шағын және орта бизесті дамытуға мүдделі болғанмен, екінші деңгейлі банктер асығар емес. Олар құжаттарды ұзақ қарайды. Ал уақыт найқалуды көтермесі анық. Екіншіден, қаржы институттары ұсынған несиелердің жылдық үстемақысы белгіленген мөлшерден тым жоғары. Тағы бір проблема, облыстың шалғай аудандарында тұратын кәсіпкерлер несие рәсімдеу үшін ғана Қостанай айлап, тіпті бір айда бірнеше мәрте келіп-кетеді. Өйткені, өңірлерде банк бөлімшелері жоқ.IMG_7795
       Мәселен, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Теменовтың айтуынша,  шағын кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер банк жағалаудан қолдары босамайтын көрінеді. Өз кәсіптерін ашқысы келетіндер бума-бума құжат әзірлеп, кепілдік мүліктерін сайлап барғанмен, екінші дәрежелі банктер уақытты жарты жылға дейін созады. Нәтижесінде дайын жоба банк тарапынан мақұлданбайды. Облыс орталығы мен Арқалық қаласының арасы 500 шақырым. Екі араны алты ай бойы жол қылған кәсіпкерлер ақыры тауы шағылып, жобаларын жылы жауып қоюға мәжбүр.
     -Мәселе дәл осылай жалғаса берсе, онда жағдайды одан әрі ушықтыра түсуіміз ықтимал. Бизнес дегеніңіз салық, қосымша жұмыс орындары Сондықтан кәсіпкерлікті қолдауда ешқандай кедергі болмауы тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көргісі келетін шағын және орта кәсіп иелеріне нақты қолдау жасауымыз керек,-деді кеңесте облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
    (Толығырақ  «Қостанай таңы» газетінің алдағы сандарынан толық оқи аласызлар)

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓