Ел әлеуеті – ауыл шаруашылығында

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданына жұмыс сапарымен барды. Мұнда өңір басшысы ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесіне қатысты. Бұқара халықпен пікірлесті. Тауар бағасын бақылап, жергілікті шенеуніктерге тапсырма жүктеді.

EmZKM9WXKnc

Бір айта кетерлігі, кеше ғана салтанатты түрде өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнінде Архимед Бегежанұлы өңірдің бүгінгі беталысына тоқталып, шаруа-диқандарды құттықтаған-ды.

6g4mK3PGVMM

Сол игі шарада ол:
-Ауыл шаруашылығы — ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Мұнда  біздің  облыстың үлес салмағы басым. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үлкен қолдауының арқасында жыл сайын ауылшаруашылығын дамытуға айрықша назар аударылып,  қаржы бөлу мәселесі артып келеді. 

eHxLVtRcKJ4

Осындай айрықша қамқорлықты сезінген  облыс шаруалары халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге зор үлес қосып жүр. Биылғы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан өңір диқандары 5 млн. тоннадан астам астық жинап алды. Бұл айтарлықтай жетістік.

-Xfz0tHY78w

 Біз алдағы уақытта да ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтін еңбек адамдарының лайықты өмір сүруі үшін қолдан келгенше барлық жағдайды жасайтын боламыз,- деп қазіргі қаржы дағдарысына қарамай бұл саланы одан әрі дамыта беру қажеттігін атап өткен еді.

c4Tpq1TdwHY

Бүгінгі сапарында да осы мағынадағы пікірлерін айтып, бірнеше өндіріс нысандарын аралап, жай-күйімен танысты.

KmZiF53Gl68

Бұл туралы толық ақпаратты газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

Sp37KBfEiEk

 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ,
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓