113 адам құтқарылды

Күні кеше, яғни 8-наурызда таң мезгілінде Жітіқара ауданының аумағында, Жітіқара-Қамысты тас жолының 48 шақырымында құтқарушылар қар құрсауынан тас жолдың тазартылған учаскесіне 5 техниканы сүйретіп шығарды. Құтқарушылар адамдарды жақындау орналасқан Қамысты ауылына дейін еріп жеткізіп салды. Зардап шеккендер жоқ.IMG_1726
Нақ сол күні кешкі сағат 20.40-та Меңдіқара ауданының аумағынан өтетін «Красная Пресня – «Звериноголовское» автожолында 3 адам және 1 техника құрамындағы Меңдіқара гарнизонының құтқарушылары жергілікті атқарушы органдардың көмегімен (2 адам және 1 бірлік техника) құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Ортақ күштермен қар құрсауынан  «Мамлют-Қостанай» жолының тазартылған учаскесіне 57 бірлік техника сүйреп шығарылып, 113 адам (соның ішінде 6 бала) құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.S5001048
 
IMG_1732
IMG_1747Барлығы 2015-2016 жылдың қыс мерзімінде Қостанай облысының авариялық-құтқару бөлімшелерімен 58 құтқару операциясы жүргізілді, сонымен бірге қар құрсауынан 541 бірлік автокөлік сүйреп шығарылды. 1263 адам қар қойнауынан азат етілді. Солардың 92-сі – бала.
                                                       
Қостанай облысының ТЖД МТжАТ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓