Архимед Мұхамбетов: “Полицейлер жұмыста да, тұрмыста да үлгі болуға тиіс»
2021 жылғы 5 қаңтарда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының алдына полиция жұмысы ашықтық пен айқындыққа негізделуі тиіс деген міндет қойған еді. Облыс әкімі бүгінде ішкі істер органдарының азаматтармен өзара қарым-қатынасының сервистік моделін енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол халықтың сенім деңгейін арттыруға және "кері байланыс" орнатуға бағытталғанын атап өтті.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар соңғы 5 жылда 8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Ағымдағы жылы материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Осының арқасында байланыс құралдары, бейнебақылау құрылғылары, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің стационарлық кешендері сатып алынды. Тек "Автоураган" жүйесінің көмегімен өткен жылы 66 мыңнан астам жол қауіпсіздігі ережесін бұзу деректері анықталған.
Қостанай облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов облыс бойынша өңірде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегенін атап өтті.
Биыл қылмыс түрлерінің төмендегені байқалды. Олардың қатарында кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, алаяқтық, бұзақылық және ұрлық бар.
"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру шеңберінде қылмыстық істердің 85%-ы электрондық форматта тергеліп жатыр. Бұл үшін облыстың тергеу және анықтау бөлімшелері қажетті техникамен және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Бекет Аймағамбетов барлық қол жеткізілген нәтижелер полицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлінуінің арқасы екенін сөз етті. Биыл сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны үш есеге қысқарды. Ішкі істер органдарының беделін түсіргені үшін 28 қызметкер жұмыстан шығарылған.
Осы кезеңнің ерекшелігіне қарамастан, облыс полициясының жеке құрамы қойылған міндеттерді абыроймен атқарды. Азаматтар көбінесе көмек көрсеткені және қылмыстарды ашқаны үшін ізін суытпай алғыстарын жолдады. Өткен жылдың өзінде екі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 500-ден астам қылмысты ашып, 100 көлік жүргізушісіне көмек көрсетті.
Облыс әкімі бұл мәселені бақылауға алатынын айтты. Жақын арада қаланың жаңа құрылыс алаңдары маңында пайда болатын тірек бекеттерінің түрлері таңдалады.
Кездесу соңында патрульдік полиция қызметкері Бағдат Бейсенов өңір басшысына ішкі істер органдарының қызметкерлерін қолдағаны үшін алғысын білдірді.